Хоккей
1 шілде 2021 15:09

"Михайлис кетті ме?" "Барыс" өкілі бас бапкерге қатысты сұраққа жауап берді

Сурет "Барыс" сайтынан алынды.

Елордалық "Барыс" клубы шілде айының екінші жартысына Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымына дайындығын бастайды. Бірақ жаңа маусымда команда тізгінін кім ұстайтыны әлі белгісіз болып тұр. "Барыстың" өткен маусымда жаттықтырған Юрий Михайлистің келісімшарты сәуір айының соңында аяқталған. Осы орайда Vesti.kz тілшісі бапкерге қатысты сауалды клубтың баспасөз қызметіне қойған болатын. 

"Бұл сұраққа қатысты әлі ресми ақпарат жоқ. Белгілі болған кезде біз өзіміздің ресми сайтымызда жариялаймыз", - деді "Барыс" өкілі. 

Айта кетейік, өткен маусымда Михайлис ҚХЛ-да алғаш рет бас бапкер болған еді. Ол команданы плей-офф кезеңіне шығарып, Гагарин кубогінің бірінші айналымында магнитгорскілік "Металлург" командасынан жеңіліп қалды.