"Металлургке" қарсы кездесуге "Барыстың" бірнеше ойыншысы қатыса алмайды

29 қыркүйек 2021 15:13
©"Барыс" ХК

Құрлықтық хоккей лигасында "Металлургке" қарсы кездесуге "Барыстың" бірнеше ойыншысы қатыса алмайды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. 

Алдағы кездесуге жарақатына байланысты Кристан Томас ойнамайды. Одан бөлек, шабуылшы Роман Старченконың бұл ойынға қатыспауы мүмкін. 

Айта кетейік, биылғы маусымда "Барыс" пен "Метталург" командасы бір кездесу өткізді. Нұр-Сұлтан өткен кездесуде ресейлік команда 2:1 есебімен ұтты. 

Екінші матч бүгін, 29 қыркүйек күні Магнитогорск қаласында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. Кездесудің трансляциясын мына жерден көре аласыз. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: