"Металлург" бапкері "Барыстан" не себепті ұтылғанын түсіндірді

©metallurg

"Металлург" бас бапкері Илья Воробьев Гагарин Кубогінің алғашқы матчтында "Барысқа" не себепті ұтылғанын түсіндірді.

"Бірінші айналымда көп қателестік. Екінші кезеңнен бастап өз ойынымызды көрсете бастағанда, қарымта шабуылға түсіп гол өткізіп алдық. Матчқа қалай дайындалсақ, сәйкесінше сондай нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Бірнеше рет есепте алға шығатын сәттер болды. Өз мүмкіндіктерімізді өткізіп алдық", - дейді бас бапкер.

Еске салайық, Гагарин Кубогінің ширек финалында "Барыс" қонақта 2:3 есебімен жеңіске жетті. Енді қос ұжым арасындағы келесі кездесу 3 наурызда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport