Месси ҚХЛ хоккейшілерінің ең сүйікті форварды атанды

22 қыркүйек 2022 11:47
©twitter.com/PSG

Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) ойыншылары ПСЖ футбол командасының шабуылшысы Лионель Мессиді өзге спорт түрлеріндегі ең сүйікті спортшысы ретінде таңдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лиганың баспасөз қызметі 2021/22 жылғы сауалнама қорытындысын жариялады.

Осылайша, Мессиге 79 хоккеиші - 12,7 пайыз дауыс берді. Ал "Манчестер Юнайтедтің" португалиялық форварды Криштиану Роналду 76 дауыс - 12,2 пайыз жинады.

Ары қарай үздік төрттікте теннисшілер - швейцариялық Роджер Федерер - 42 дауыс (6,7 пайыз) және испаниялық Рафаэль Надаль - 18 дауыс (2,9 пайыз).  

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport