Матч кезінде жанкүйерлер хоккейшіні жабылып ұрды

16 қыркүйек 2019 09:41
Видеодан алынған кадр
Новосибирскте әуесқой командалар арасындағы матч кезінде хоккейшілердің бірі мен жанкүйерлер арасында төбелес болды. Видео "ВКонтакте" желісіндегі "Новосибирская служба эвакуации "АСТ-54" паблигінде жарияланды. 

Мұзайдында "Драйв-2" пен "Кристалл Обьгэс-2" кездесу өткізген. Ойын үстінде хоккейші мен жанкүйерлер арасында жанжал туған. 

Ойыншыға екі жанкүйер тап берген: оны жерге құлатып, бірнеше рет тебеді. Оқиғаға команданың өзге мүшелері араласуға тырысады - шабуылдағандарға клюшкамен бөгет жасауға тырысқан. Ақыры төбелесті төрешілер тоқтата алды.

Төбелеске мұз үстіндегі хоккейшілер арасындағы жанжал себеп болған. Ойын кезінде "Драйв" ойыншысы "Кристалл" хоккейшісін боқтаған. Осы кезде жанкүйерлер ойыншыдан неге олай еткенін сұрайды. Ойыншы сұрақ қойған адамды ұрған сәтте, жанкүйерлер жауап ретінде оның өзін соққыға жыққан. 

Метки: