Ойыншыға екі жанкүйер тап берген: оны жерге құлатып, бірнеше рет тебеді. Оқиғаға команданың өзге мүшелері араласуға тырысады - шабуылдағандарға клюшкамен бөгет жасауға тырысқан. Ақыры төбелесті төрешілер тоқтата алды.
Төбелеске мұз үстіндегі хоккейшілер арасындағы жанжал себеп болған. Ойын кезінде "Драйв" ойыншысы "Кристалл" хоккейшісін боқтаған. Осы кезде жанкүйерлер ойыншыдан неге олай еткенін сұрайды. Ойыншы сұрақ қойған адамды ұрған сәтте, жанкүйерлер жауап ретінде оның өзін соққыға жыққан.