"Локомотивті" ұтқан "Барыс" ҚХЛ тарихына кірді

27 қыркүйек 2022 01:39
©"Динамо" ХК, Минск

Елордалық "Барыс" құрлықтық хоккей лигасы аясында "Локомотивті" ұтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Ярославльдегі ойын 1:0 есебімен қазақстандық клубтың пайдасына аяқталды. Тартысты кездесуде негізгі уақыт пен овертаймда есеп ашылмағанын айта кеткен жөн. Дейтұрғанымен, "Барыс" ресейлік команданың айдынында өз тарихында тұңғыш рет басым түсті.

Буллит сериясында жалғыз шайбаны Никита Михайлис еншісіне жазды. Осы жеңісінің арқасында Скабелка шәкірттері Шығыс Конференциясында 6-орынға көтерілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport