Латвия құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті

©iihf.com

Хоккейден Латвия құрамасы жастар арасындағы 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалына өтіп отыр. Латвиялықтар Канаданың Эдмонтон қаласында өтіп жатқан бұл жарыстың 1/8 кезеңінде Чехия құрамасын ұтты, деп хабарлайды Allhockey.ru.

Осылайша, Лавтия командасы өз тарихында алғаш рет жастар әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде ойнайды.

Құраманың бұған дейінгі ең жақсы көрсеткіші 2009 жылы элиталы дивизионда сегізінші орынға жеткені, алайда, ол кезде плей-оффқа тек алты команда іріктелді. 

Айта кетейік, Латвия бұл жарысқа Ресей мен Беларусь шеттелгеннен кейін қатыса алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: