Құрлықтық хоккей лигасындағы "Барыс" - "Торпедо" матчіне тікелей трансляция

11 желтоқсан 2020 11:47
Сурет: "Барыс" ХК

Бүгін, 11 желтоқсанда "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы аясында ресейлік "Торпедомен" ойнайды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Матч Қазақстан астанасында өтеді, басталуы 19:30. Ойынды Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.
Осы кездесуге дейін қазақстандық клуб қатарынан төрт ойынды ұтты. Мұның алдындағы өз мұзайдынындағы ойындарда Юрий Михайлис жаттықтыратын команда "Спартак" (2:1), "Сочи" (2:0), "Локомотив" (3:1) және "Витязь" (3:2 Б) клубтарын жеңген.

Осы матчтен кейін астаналық команда Челябинскке аттанып, 13 желтоқсан жергілікті "Трактормен" кездесу өткізеді.

"Торпедо" 36 ұпаймен Шығыс конференциясында жетінші, ал үш балл кем жинаған "Барыс" тоғызыншы келеді.