Құрлықтық хоккей лигасы маусымды тоқтату туралы шешім шығарды

©ҚХЛ

Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) маусымды бір аптағы тоқтату туралы шешім шығарды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Лиганың ресми сайты ұсынған ақпарат бойынша, 12 қаңтарға дейін жалпы 171 адам, оның ішінде 124 хоккейші коронавирус жұқтырған. Соңғы тәулікте 60 адамнан індет анықталған. 

Коронавирустың өршуіне байланысты лига 15,17,19 және 21 қаңтардағы ойындарды кейінге шегерген. Ол ойындардың қашан өтетіні алдағы уақытта анықталады. 

Осылайша, "Барыстың" алдағы "Салават Юлаевпен" (15 қаңтар), "Ақ Барспен" (17 қаңтар) және "Авангардпен (19 қаңтар) күні өтетін ойындары кейінге шегерілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: