"Құрбандыққа еркек тоқты шалу керек ...". "Барыстың" сәтсіздігін тоқтатудың соңғы амалы аталды

Сурет: Шайба.kz
"Барыстың" бас бапкері Юрий Михайлиске команданың ұтыла беруін тоқтату үшін көне ғұрып бойынша қой сойып, құрбан шалуды ұсынды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Өткен түнде қазақстандық клуб ҚХЛ Батыс конференциясының аутсайдері "Сочимен" сырт мұзайдында ойнап, 0:3 есебімен ұтылды. Бұл "Барыстың" қатарынан төртінші рет жеңілуі. 

"Ескі тәсілге көшіп, құрбандыққа еркек тоқты шалу керек шығар?", - деп сұрады баспасөз мәслихаты кезінде Михайлистен комментатор Александр Олейник.

"Білмеймін, білмеймін, сөйтетін де шығармыз", - деп жауап берді бапкер.

Айта кетейік, Михайлис жаттықтыратын команда келесі ойынды өз мұзайдынында өткізеді -  30 қазан қытайлық "Куньлуньмен".