Клюшканы сындырды. Америкалық командадағы ресейлік хоккейші жеңілістен кейін жерлесін боқтады
"Вашингтон Кэпиталз" капитаны Александр Овечкин клюшканы бортқа ұрып сындырып, қақпашы Илья Самсоновты боқтап жіберді. Бұл оқиға Ұлттық хоккей лигасы бірінші плей-офф кезеңінің үшінші матчінде "Бостон Брюинз" командасынан жеңілгеннен кейін болды.

Бостондағы TD Garden аренасында өткен кедесу 3:2 есебімен екінші овертаймда аяқталды. "Бостон" сапынан Тейлор Холл, Брэд Маршан және Крэйг Смит гол салды. Ал "Вашингтон" ойыншыларынан Овечкин мен Ник Дауд шайба салды.
Шешуші гол қақпашы Самсоновтың қателігінен кірді. Ол Стэнли кубогында бірінші рет ойнап отыр. Овечкин ол кезде қосалқы ойыншылар орынында болған. Мұны көре салысымен ол қызбалыққа салынып, клюшканы бортқа ұрып сындырды да, әріптестеріне дауыс көтерді.
Жарнама