Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кирилл Савицкий "Барыс" клубының қаралымына келді. Өскемен хоккей мектебінің түлегі елордалық команда сапында 31 тамызға дейін болмақ.
Ол осыған дейін "Номад" командасында 3 маусым өнер көрсеткен. Ал өткен жылы Савицкий "Торпедо" сапында үздік шабуылшы атанып, Pro Ligasy біріншілігінде қола жүлдегер атанған. "Торпедо" құрамындағы 52 матчта 40 ұпай (12+38) жинаған. Соның нәтижесінде биыл әлем чемпионатында еліміздің бас командасына шақырту алды.