ҚХЛ үздік қақпашы номинациясының үміткерлерін атады

©РИА Новости

ҚХЛ ресми сайты 2021/2022 маусымының үздік қақпашысы жүлдесіне үміткерлерді атады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Үздік қақпашы жүлдесінің иегері ҚХЛ чемпионатына қатысқан командалардың бапкерлерінің дауыс беру нәтижесі бойынша анықталады. Сауалнама қорытындысы бойынша, үздік үштікке Василий Кошечкин ("Металлург"), Иван Федотов (ЦСКА) және Ларс Йоханссон (СКА) кірді.

Өткен маусымда Кошечкин ішкі чемпионаттар тарихында 100 матчта қақпасына шайба өткізбеген алғашқы голкипер болды. ЦСКА клубымен болған серияда Кошечкин финалға ең ұзақ құрғақ серия бойынша рекорд орнатты - 156:34.

Иван Федотов болса 2021/2022 маусымында Ресей құрамасымен Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды, ЦСКА құрамында ол плей-офф кезеңіндегі барлық матчты толығымен өткізіп, Гагарин Кубогін жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: