ҚХЛ сериясындағы "Барыс" - СКА матчіне тікелей трансляция

25 желтоқсан 2019 16:45
© "Барыс" ХК
Бүгін, 25 желтоқсанда астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионатының өз мұзайдыныдағы сериясын бастайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Андрей Скабелка жаттықтыратын команда петерборлық СКА клубын қабылдайды. Ойынның басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 19:30. Ойынды QazSport арансынан тамашалауға болады.

Қазіргі таңда "Барыс" 38 матчте 50 ұпай жинап, Шығыс конференциясында үшінші орында тұр. Ал 40 ойында 56 балл жинаған СКА "Батыста" екінші.