ҚХЛ президенті "Барыстың" келесі маусымдағы тағдырына қатысты мәлімдеме жасады

©hcbarys

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) президенті Алексей Морозов келесі маусымда 22 команда сынға түсетіндігін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Келесі маусымда жарысқа қатысуға 22 клуб ниет білдірді. Олардың қаржылық кепілдіктері бар. Кейбір командаларда соңына дейін шешілмеген мәселелер бар. Алайда ол мәселелерді уақытында шешеміз", - деп жауап берді Морозов "Чемпионат" басылымына.

2022/23 маусымның құрамы:

1. "Авангард" (Омбы).
2. "Автомобилист" (Екатеринбург).
3. "Адмирал" (Владивосток).
4. "Ак Барс" (Казань).
5. "Амур" (Хабаровск).
6. "Барыс" (Нұр-Сұлтан).
7. "Витязь" (Мәскеу облысы).
8. "Динамо" (Минск).
9. "Динамо" (Мәскеу).
10. "Куньлунь Ред Стар" (Бейжің).
11. "Локомотив" (Ярославль).
12. "Металлург" (Магнитогорск).
13. "Нефтехимик" (Нижнекамск).
14. "Салават Юлаев" (Уфа).
15. "Северсталь" (Череповец).
16. "Сибирь" (Новосибирск облысы).
17. СКА (Санкт-Петербург).
18. "Спартак" (Мәскеу).
19. "Торпедо" (Нижний Новгород).
20. "Трактор" (Челябинск).
21. ХК "Сочи" (Сочи).
22. ЦСКА (Мәскеу). 

Еске салайық, Финляндияның "Йокериті" мен Латвияның "Динамосы" турнирге қатысудан бас тартты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport