ҚХЛ жазамды кешірмесе, Солтүстік Америкаға кетемін - Дамир Рыспаев
Өткен жылдың 8 тамызында маусым алдында дәстүрлі түрде өтетін Қазақстан Президенті кубогы барысында қытайлық "Куньлун" клубымкен өткен ойында қорғаушы Дамир Рыспаев бірнеше хоккейшімен төбелесіп қалған еді. Ол кезде Рыспаевтың өзі Дастин Бойдқа ауыр жарақат жасағаны үшін, қытайлық хоккейшілерді соққы алғаным деп түсіндірген еді.
Бұл ойыннан кейін Құрлықтың хоккей лигасының өкілдері маусым алдындағы ойындардың барлығынан шеттеткен еді. Кейіннен оның жазасын ауыстырып, Рыспаевқа мерзімі шектелмеген жаза тағайындады. Мұндай жаза лига тарихында бірінші рет қолданылған болатын.
Кеше хоккейші shaiba.kz басылымына сұхбат беріп, егер ҚХЛ оның жазасын кешірмейтін болса, Солтүстік Америкаға көшіп кететінін айтыпты.
"Маған ҚХЛ жазаны 18 тамыз күні тағайындады. Содан кейін ҚХЛ тек жарты жылдан кейін менің мәселемді қарастырды. Бірақ оның өзінде нақты ешқандай шешім шығармады. Жазаны ҚХЛ-да, Халықаралық хоккей федерациясы да тағайындап отыр. Егер мұнда менің жазамды кешірмейтін болса, келер маусымда мен Солтүстік Америкаға кетемін", - дейді қорғаушы.
Айта кетейік, қазір Рыспаев "Барыстың" фарм-клубы болып саналатын "Номад" сапында өнер көрсетіп жатыр. Қазақстан біріншілігінде ол 37 ойынға қатысып, 1 шайба соғып, 3 нәтижелі пас берді. Бұл ойындардың ішінде ол 41 минутқа айыпталған.
ҚХЛ-дың жазасына байланысты да Дамир Рыспаев Алматы төрінде өткен қысқы Универсиада ойындарында да Қазақстан құрамасы үшін өнер көрсете алмады.

Жарнама