ҚХЛ-дің жаңа маусымындағы "Барыстың" бірінші қарсыласы белгілі

Сурет: "Барыс" ХК

Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионаттың күнтізбесін жасады. Маусымдағы матчтердің кестесі жұма, 9 шілдеде жария етіледі. 

Әзірге бірінші кездесулердің өтетін күндері белгілі. "Барыс" өз мұзайдынындағы бірінші ойынды 3 қыркүйекте уфалық "Салават Юлаевқа" қарсы өткізеді. 

Тұрақты чемпионатта командалар 56 ойын өткізеді - әр клубпен өз мұзайдынында және сырт мұзайдында бір ойын (46 кездесу) және өз конференциясындағы бес командамен екі ойын (10 кездесу). 

ҚХЛ-дің тұрақты чемпионаты 1 қыркүйекте "Авангард" пен ЦСКА арасындағы Кубоктың ашылу матчінен басталады және 2022 жылдың 1 наурызында аяқталады. Плей-офф кезеңінің басталуы 2022 жылдың 4 наурызына белгіленген. Қажет болған жағдайда финалдық серияның жетінші ойыны 2022 жылдың 30 сәуірінде болады.