ҚХЛ-дегі "Нефтехимик" - "Барыс" матчіне трансляция

©"Барыс" ХК

Бүгін, 21 желтоқсанда астаналық "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында нижнекамскілік "Нефтехимикпен" ойнайды, деп жазады Vesti.kz.

Нижнекамск қаласында өтетін кездесу Астана уақытымен 22:00-де басталады. Qazsport ойынды тікелей көрсетеді. Сонымен бірге, трансляцияны телеарнаның ресми сайтынан тамашалауға болады. 

Еске салайық, "Барыс" 41 матчтен кейін 36 ұпаймен Шығыс конференциясында 12-орында соңғы болып келеді. 

"Нефтехимик" (40 матчте 36 балл) "Шығыста" оныншы келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport