Хоккей
Кеше 13:55

ҚХЛ-дегі "Динамо" - "Барыс" матчіне тікелей трансляция

©"Барыс" ХК

Бүгін, 18 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) тұрақты чемпионаты аясында Мәскеудің "Динамо»+" клубы қазақстандық "Барыспен" өз айдынында ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Мәскеу қаласында өтеді және Қазақстан уақытымен 21:30-да басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ трансляцияны арнаның ресми сайтынан тамашалауға болады.

Биылғы маусымда командалар қыркүйек айында Астанада кездескен еді. Ол матчте айдын иелері 5:2 есебімен жеңіске жеткен.

Қазіргі уақытта "Динамо" Батыс конференциясында 35 ойыннан кейін 48 ұпаймен төртінші орында тұр. Ал "Барыс" Шығыс конференциясында 36 матчта 32 ұпай жинап, сегізінші орынға жайғасқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport