Хоккей
Бүгін 11:05

ҚХЛ-дегі "Барыс" - "Трактор" матчіне тікелей трансляция

©"Барыс" ХК

Бүгін, 23 желтоқсанда Континенталдық хоккей лигасының (КХЛ) тұрақты чемпионаты аясында "Барыс" өз айдынында челябілік "Трактормен" ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Командалар арасындағы кездесу "Барыс Аренада" өтеді және Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады. Ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді. Сондай-ақ, трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.

"Барыс" — "Трактор" матчының тікелей көрсетілімі

Айта кетейік, биылғы маусымда бұл екі команда үш рет кездескен. "Барыс" бір ойында жеңіске жетті (овертаймда — 4:3), ал екі матчта ұтылды (овертаймда — 2:3 және 3:6).

Қазіргі таңда 37 матч өткізген "Трактордың" еншісінде 35 ұпай бар және ол Шығыс конференциясында алтыншы орында тұр. Ал "Барыс" 38 ойыннан кейін 34 ұпай жинап, сегізінші орынға жайғасқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport