ҚХЛ-дегі "Барыс" - СКА матчіне тікелей трансляция

©"Барыс" ХК

Бүгін, 8 қазанда "Барыс" ХК Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатының өз мұзайдынындағы кезекті матчін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Юрий Михайлис шәкірттері Нұр-Сұлтанда петерборлық СКА командасымен ойнайды. Ойын "Барыс Аренада" өтеді, басталуы 19:30. 

Матчті Qazsport арнасы тікелей көрсетеді.

Ресейлік клуб 14 матчте 21 ұпаймен Батыс Конференциясында үшінші келеді. Ал "Барыс" өткен матчте "Авангардты" ұтып, жеңіліс сериясын үзді. Осылайша, 14 матчте 12 ұпаймен плей-офф аумағына оралды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: