ҚХЛ-дегі "Барыс" - "Сибирь" матчіне тікелей трансляция

25 қыркүйек 2021 11:25
©"Барыс" ХК

Бүгін, 25 қыркүйекте астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы аясында новосибирсктік "Сибирь" командасымен матч өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан астанасында өтетін кездесу 17:00-де басталады. Qazsport ойынды тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.

Бұл ойын алдында "Барыс" алты ұпаймен Шығыс конференциясында сегізінші келеді, ал "Сибирь" бес баллмен оныншы. 

Осы матчтен кейін, 27 қыркүйекте астаналық клуб өз мұзайдынында екатеринбуртік "Автомобилистпен" ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport