ҚХЛ-дегі "Барыс" - "Сибирь" матчіне тікелей трансляция

© "Барыс" ХК
Бүгін, 18 ақпан астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында өз мұзайдынында "Сибирьді" қабылдайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойынның басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 19:30. Ойынды QazSport арнасынан тікелей тамашалауға болады. Интернетте матчті мына сілтеме арқылы өтіп көре аласыз.

Бұл ойынға дейін "Барыс" қатарынан алты ойында жеңіске жетті, команда 79 ұпаймен Шығыс конференциясында үшінші келеді. Ал "Сибирь" 68 баллмен "Шығыста" бесінші.

Айта кетейік, екі команда да ҚХЛ плей-офф кезеңіне шықты. Андрей Скабелка жаттықтыратын команда Гагагрин кубогында өзіне басымдық қамтамассыз етті.