ҚХЛ-дегі "Барыс" - "Локомотив" ойнына тікелей трансляция

©"Локомотив" ХК

Бүгін, 22 қазан астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясында өз мұзайдынында матч өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Юрий Михайлистің командасы ярославтық "Локомотивпен" ойнайды. Кездесу "Барыс Аренада" өтеді, басталуы 19:30. Qazsport бұл матчті тікелей көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.

Командалар биылғы маусымда бір ойнаған болатын - 3 қазан Ярославльде, ол ойында алаң иелері 4:3 есебімен басым болды.

"Барыс" 20 матчте 18 ұпаймен Шығыс конференциясында жетінші, "Локомотив" (22) "Батыста" алтыншы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport