ҚХЛ-дегі "Барыс" - "Автомобилист" матчіне тікелей трансляция

27 қыркүйек 2021 09:20
©"Барыс" ХК

Бүгін, 27 қыркүйекте "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы аясында екатеринборлық "Автомобилистпен" ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Нұр-Сұлтанда өтетін матч 19:30-де басталады. Бұл кездесуді Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.

Бұл ойын алдында астаналық команда сегіз ұпаймен Шығыс конференциясында сегізінші. Ал "Автомобилист" 12 баллмен бесінші тұр.

Осы матчтен кейін қазақстандық клуб сырт мұзайдында магнитогорлық "Металлург" (29 қыркүйек), мәскеулік "Динамо" (1 қазан) және ярославлдік "Локомотивпен" (3 қазан) кездесу өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: