ҚХЛ-дегі "Барыс" - "Автомобилист" матчіне тікелей трансляция

Сурет: "Барыс" ХК

Бүгін, 18 ақпанда қазақстандық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында кезекті матчін өткізеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Юрий Михайлис жаттықтыратын команда өз мұзайдынында "Автомобилист" командасын қабылдайды. Ойын "Барыс Аренада" өтеді, басталуы 19:30-да.

Ойынды Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.

Айта кетейік, екі клуб та плей-офф кезеңге өтеді. "Авангард" 64  ұпаймен Шығыс конференциясында жетінші келеді, "Барыстан" қосымша көрсеткіштер бойынша алда.