ҚХЛ-дегі "Барыс" - "Авангард" матчіне тікелей трансляция

Сурет: "Барыс" ХК

Бүгін, 16 ақпанда қазақстандық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті матчін өткізеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Юрий Михайлис жаттықтыратын команда өз мұзайдынында "Авангардты" қабылдайды. "Барыс Аренада" өтетін кездесу 19:30-да басталады.

Ойынды Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.

Айта кетейік, екі клуб та плей-офф кезеңге өтеді. "Авангард" 55 матчте жинаған 77  ұпаймен Шығыс конференциясында екінші келеді, ал "Барыс" (62 балл 54 матчте) сегізінші.