ҚХЛ-дегі "Авангард" - "Барыс" матчіне тікелей трансляция

©"Барыс" ХК

Бүгін, 13 қазанда астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында сырт мұзайдындағы ойындар сериясын бастайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Юрий Михайлис шәкірттері Балашихада жергілікті "Авангардпен" ойнайды. Ойынның басталуы 22:30. Матчті Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.

Биылғы маусымда командалар бір рет кездескен - 6 қазанда "Барыс" өз мұзайдынында "Авангардты" 1:0 есебімен ұтқан еді.

16 матчтен кейін "Барыс" 14 ұпаймен Шығыс конференциясында сегізінші, ал "Авангард" (15 ойында 16 балл) "Шығыста" алтыншы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport