Словакия құрамасының шабуылшысы Томаш Юрчо "Барыс" сапына қосылып, алғашқы жаттығуын өткізді.
"Томаш Юрчоның жаңа үйі", - деп жазылған клубтың Instagram желісіндегі ойыншының жаңа суреттеріне сипаттамада.
Еске салайық, "Барыс" жаңа ойыншыны сапына қосқанын 3 қарашада хабарлады. Бір жақты келісім 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған. Юрчо Ұлттық хоккей лигасында өнер көрсеткен, әлемдегі ең мықты лигада ол "Детройт", "Чикаго", "Эдмонтон" намысын қорғаған.