Михаил Кравец ресми түрде "Барыс" хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Келісімшарт 2026 жылдың 31 мамырына дейін жасалды, келісімді тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.
ҚХЛ-де тәжірибесі мол маманРесейлік маман Михаил Кравецтің бапкерлікті 2001 жылы басталған. Ол әр жылдары Құрлықтық хоккей лигасындағы "Витязь", "Амур", "Авангард" және "Куньлунь" сияқты командалармен жұмыс істеді.
Сәтсіз маусымнан кейінгі өзгерістер
Өткен маусымда "Барыс" Шығыс конференциясында 12-орынға түсіп, плей-офф кезеңіне өте алмады. Осыған байланысты бұрынғы бас бапкер Ғалым Мамбеталиевпен келісімшарт тоқтатылды.
Михаил Кравецтің жаттықтырушылар штабына кірген мамандар:
Талғат Жайлауов – бас бапкердің көмекшісі
Александр Савченков – шабуылшылар жаттықтырушысы
Евгений Королев – қорғаушылар жаттықтырушысы
Денис Малинин – жалпы дене дайындығы бойынша жаттықтырушы
Сергей Тамбулов – видео-талдау бойынша жаттықтырушы.