Хоккей
Бүгін 15:36
 

ҚХЛ-де бүгін "Барыс" Челябіде "Трактормен" ойнайды

  Пікірлер

blog.share

ҚХЛ-де бүгін "Барыс" Челябіде "Трактормен" ойнайды ©"Барыс" ХК

Бүгін, 4 қарашада астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында сырт айдында челябілік "Трактормен" кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 4 қарашада астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында сырт айдында челябілік "Трактормен" кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Челябинскіде өтетін матч Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Астаналық клуб 25 ұпаймен Шығыс конференциясының турнир кестесінде үшінші орында тұр. Ал челябілік команда 19 ұпай жинап, 11-орында, яғни конференцияның соңғы сатысында орналасқан.

"Барыстың" барлық хоккейшісі ойынға дайын. Ал "Трактор" сапында шабуылшылар Виталий Кравцов пен Александр Рыков жарақатына байланысты матчқа қатыспайды.

"Барыс" бұл кездесуге қатарынан екі жеңіспен келіп отыр. Астаналықтар сырт алаңда Минскінің "Динамосын" 1:0, ал "Шанхай Дрэгонс" командасын 4:2 есебімен ұтқан.

"Трактор" қатарынан үш рет жеңіліс тапты. Челябілік клуб ЦСКА-дан екі рет (1:5, 2:3), сондай-ақ Минскінің "Динамосынан" (2:3) ұтылды.

ҚХЛ аясындағы келесі екі кездесуін де "Барыс" сырт алаңда өткізеді. Астаналық клуб 6 қарашада Владивостоктың "Адмиралымен", ал 8 қарашада Хабаровскінің "Амурымен" кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!