КХЛ-да ойнаған "Барыс" ойыншысы "Ак Барс" құрамына ауысты
Кирилл Панюков. Фото: ХК "Барыс"©
23 жастағы шабуылшы Кирилл Панюков "Ак Барс" командасына ауысты. Бұл туралы "Держи передачу" телеграм-каналында айтылған.
23 жастағы шабуылшы Кирилл Панюков "Ак Барс" командасына ауысты. Бұл туралы "Держи передачу" телеграм-каналында айтылған.
Ол "Барыс" тәрбиеленушісі және кәсіби мансабын толықтай клуб жүйесінде өткізген.2020/21 жылғы КХЛ маусымында "Барыс" сапында 39 ойын өткізіп, 23 (12+11) ұпай иеленген.
"Панюков "Ак Барста". Толық мәлімет әзірге жоқ", - дейді паблик.
Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір Панюков Қазақстан ұлттық құрамасымен Ригада (Латвия). Олар қазір ӘЧ топ-дивизионында өнер көрсетуге дайындалуда.
Жарнама