ҚХЛ биылғы маусымдағы "Барыстың" үздік сәттері жинақталған видео жариялады

Сурет: "Барыс" ХК
Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) қазақстандық "Барыс" клубының ең үздік сәттерінің видеосын ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Роликте 2019/20 маусымдағы матчтердің үзінділері жинақталды. Еске салайық, "Барыс" плей-офф кезеңінің екінші раундына дейін жеткен, алайда, коронавирус пандемиясына байланысты турнирдегі жарыс жолын тоқтатуға мәжбүр болды. Осыдан кейін ҚХЛ ойындарды мүлде тоқтатты.