"Северсталь" қорғаушысы Марк Барберио ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы "Барыспен" матчен кейін шеттелді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Матчтің үшінші кезеңінде череповецтік команданың канадалық қорғаушысы астаналықтардың швециялық форварды Понтус Обергке дөрекі түрде шабуыл жасаған болатын. Алайда ол кезде Барберио жазаланбаған еді.
Спорттық-тәртіптік комитет бұл жағдайды қарастыруға алды да:
"Ұсынылған материалдыр негізінде "Северсталь" қорғаушысы Марк Барберио ҚХЛ-дің тәртіп регламентіндегі 28-бабтың 1.16.2-тармағы бойынша (клующкамен нұқу) айыпты деп танылып, екі матчтен шеттеліп, ақшалай айыппұл арқалайды", - деген шешім шығарды.