Хоккей
Бүгін 10:14

ҚХЛ: "Барыс" бүгін өз айдынында "Нафтехимикпен" ойнайды

©"Барыс" ХК

Бүгін, 15 қаңтарда "Барыс" ҚХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясында өз айдынында төменгі камалық "Нефтехимикпен" ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Барыс Аренада" өтетін кездесу жергілікті уақыт бойынша 19:00-де басталады. Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.

ҚХЛ-дегі "Барыс" - "Нефтехимик" матчының тікелей трансляциясы

Елордалық клуб соңғы төрт матчта қатар ұтылып, сырт алаңдағы сериясын сәтсіз аяқтады. Михаил Кравецтің шәкірттері "Торпедодан" (3:2), "Ак Барстан" (3:1), "Салават Юлаевтан" (3:1) және "Автомобилистен" (2:1 ОТ) ұтылды.

Қазіргі таңда "Барыс" ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында оныншы, яғни соңғының алдындағы орында тұр. Команда 46 ойыннан кейін 37 ұпай жинаған.

Ал "Нефтехимиктің" еншісінде 46 матчтан кейін 49 ұпай бар және ол Шығыс конференциясында бесінші орында келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport