1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Хоккей
Кеше 18:18
 

Қазақстанның жас хоккейшілері Канададағы ірі турнирде топ жарды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанның жас хоккейшілері Канададағы ірі турнирде топ жарды ©ҚХФ

Канаданың Квебек қаласында жасөспірімдер арасында хоккейден Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament 2026 атты ірі халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

blog.share

Канаданың Квебек қаласында жасөспірімдер арасында хоккейден Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament 2026 атты ірі халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

Қазақстандық Astana Team командасы турнирдің екінші деңгейлі AA Elites дивизионында чемпион атанды.

Қазақстан атынан қатысқан құрамға «Торпедо», «Астана», «Юность» клубтарының ойыншылары, сондай-ақ,  «Тайгерс Алматы» мен «Михайлов академиясынан» бір-бір хоккейшіден енді. Бір жыл бұрын дәл осы жас санаты мен дивизионда қазақстандық команда күміс жүлдеге ие болған еді.

Топтық кезеңдегі барлық матчта жеңіске жеткен Astana Team плей-оффқа сенімді түрде жолдама алды. Ширек финалда алаң иелері - Quebec Nordiques командасын 3:1 есебімен ұтты. Жартылай финалда Quebec Remparts ұжымынан 2:1 есебімен басым түсті. Ал финалда Noir d’Or des Montagnes командасымен өткен тартысты кездесуде буллит сериясында 4:3 есебімен жеңіп, турнир чемпионы атанды.

Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament - жыл сайын Канадада өтетін жасөспірімдер арасындағы халықаралық хоккей додасы. Турнир BB, AA, AA Elites және ең жоғары AAA дивизиондарына бөлінеді.

Astana Team екінші деңгейлі дивизионда топ жарып, келесі маусымда AAA санатына көтерілу мүмкіндігіне ие болды. Жоғары дивизионға өту туралы шешімді турнирдің ұйымдастыру комитеті қабылдайды. Команда бұл турнирге екінші жыл қатарынан қатысып отыр. Олар 2024 жылы Францияда өткен іріктеу додасында жеңіске жетіп, алғаш рет AA Elites дивизионына жолдама алған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!