Пучсерда қаласында (Испания) хоккейден IB дивизионы аясында әйелдер арасында әлем чемпионаты басталды.
Қазақстан әйелдер құрамасы турнирдегі алғашқы ойынын Латвияға қарсы өткізді.
Кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Буллит сериясында қарсылас команда басым түсті.
Қазақстан – Латвия 2:3 (буллит бойынша)
(1:0, 0:0, 1:2, 0:0, 0:1)
1:0 – 06:25 – Зубкова (Куценко, Мескини)
1:1 – 50:05 – Силияне (Рулле)
2:1 – 52:54 – Шегай (Молдабай, Оразбаева) – артық құрамдағы гол
2:2 – 53:53 – Таубе (Рулле)
2:3 – 65:00 – Рулле (буллит)
Келесі ойынын Қазақстан құрамасы Нидерландқа қарсы өткізеді. Матч 13 сәуірге жоспарланған.