Қазақстанның әйелдер құрамасы ӘЧ-де екінші жеңісіне жетті

©Diego Barbieri/FISG

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының 1В дивизионында Словения командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Польшаның Катовице қаласында өткен матчта жерлестеріміз 2:0 есебімен басым түсті. Қазақстан құрамасының сапында Брианна Бэрндсэн (17-минут) және Пернеш Әшімова (39-минут) гол соқты. Осылайша, отандастарымыз аталмыш турнирде екінші жеңісіне қол жеткізді.

Дейтұрғанымен, қазақстандық хоккейшілер Польша (1:3), Италия (0:1) және Қытай (2:6) қыздарына қарсы матчта есе жіберді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport