Қазақстандық клуб хоккейшісі ЖХЛ маусымының ең бағалы ойыншысы деп мойындалды

Стас Петросян. Сурет: "Алтай" ХК
Жастар хоккей лигасы (ЖХЛ) 11-ші маусымдағы жекелей номинациялар бойынша лауреаттарды анықтады.

Осылайша, өскемендік "Алтай" клубының шабуылшысы Стас Петросян үздік бомбардир және ең бағалы ойыншы деп танылды.

Жекелей номинациялар бойынша лауреаттар:

- Үздік бомбардир - Стас Петросян ("Алтай"). 51 матчте 87 (30+57) ұпай.
- Үздік снайпер - Дмитрий Рашевский (МХК "Динамо СПб"). 61 матчте 44 шайба 
- Үздік қорғаушы - Павел Елизаров ("Толпар"). 59 матчте 47 (8+39) ұпай.
- Үздік қақпашы - Макар Чуфаров (МХК "Динамо СПб"). КН - 1.69 бұл 55 ойында.
- Үздік жас ойыншы - Данил Аймурзин ("Толпар"). 60 матчте 49 (24+25) ұпай.
- ЖХЛ-дегі ең бағалы ойыншы - Стас Петросян ("Алтай").
Метки: