Хоккей
29 наурыз 2017 20:02
 

Қазақстандық жас өрендер Ресейдегі жарыс кезінде тамақтан жаппай уланып қалды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық жас өрендер Ресейдегі жарыс кезінде тамақтан жаппай уланып қалды Сурет yvision.kz

Елордалық "Барыс" хоккей клубының жас тәрбиеленушілері Челябинск қаласындағы жарысы кезінде уланып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

2006 жылы туған 20 хоккейші, оның ішінде қазақстандық "Барыстың" және ресейлік "Авангард" және "Торос" командаларының жас өрендері қонақ үйдегі түскі астан кейін өздерін нашар сезініп, дәрігердің көмегіне жүгінген. 

"Жарысқа келе жатқан жолда, поездта, қақпашы мен бір хоккейші уланып қалған. Алайда олар ауруларын жасырған. Бір бөлмеге төрт бала жатқаннан соң ауру бір-біріне жұққан", - дейді "Виктория" қонақ үйінің өкілі.

Қазіргі таңда хоккейшілердің басым бөлігі қонақ үйге қайтып оралған. "Барыс" клубы ойыншылардың жетпеуіне байланысты жарысқа қатысудан бас тартты.

blog.share
Елордалық "Барыс" хоккей клубының жас тәрбиеленушілері Челябинск қаласындағы жарысы кезінде уланып қалды, деп хабарлайды
Vesti.kz тілшісі.

2006 жылы туған 20 хоккейші, оның ішінде қазақстандық "Барыстың" және ресейлік "Авангард" және "Торос" командаларының жас өрендері қонақ үйдегі түскі астан кейін өздерін нашар сезініп, дәрігердің көмегіне жүгінген. 

"Жарысқа келе жатқан жолда, поездта, қақпашы мен бір хоккейші уланып қалған. Алайда олар ауруларын жасырған. Бір бөлмеге төрт бала жатқаннан соң ауру бір-біріне жұққан", - дейді "Виктория" қонақ үйінің өкілі.

Қазіргі таңда хоккейшілердің басым бөлігі қонақ үйге қайтып оралған. "Барыс" клубы ойыншылардың жетпеуіне байланысты жарысқа қатысудан бас тартты.

Жарнама

Живи спортом!