Қазақстандық хоккейшінің "Металлург" сапында қанша айлық алатыны анықталды

©"Барыс" ХК

Хоккейден Қазақстан құрамасының хоккейшісі Валерий Ореховтың жаңа командасы сапында қанша айлық алатыны белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Қорғаушы жуырда "Металлург" сапына ауысты. 

"Қорғаушы Валерий Ореховтың "Барыстан" "Металлург" сапына ауысқаны ұнады. 22 жаста, болашағы бар. Әлем чемпионатында ол 3+4 ұпай жинады. 

Айлығы да ақылға қонымды (20 (миллион рубль) келесі маусымда. Ал бір жылдан кейін 23", - деп жазады "Хайруллин Live" телеграм-арнасы. 

Еске салайық, өткен маусымда Орехов ҚХЛ-да 47 кездесуге қатысып, 7 (1+6) ұпай жинады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
26 қыркүйек, 14:44
Хоккей
“Барысқа“ жаңа бапкер келді