Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатында француздарды ұта алмады

©meta-ratings

Әлем чемпионатында Хоккейден Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы екінші ойында ұтылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

1А дивизионында жерлестеріміз Франция командасымен кездесті. Қорытынды есеп 2:4. Аталмыш матчта "Барыс" клубының оқушылары Роман Ермак пен Артем Авдеенко гол соқты.

Осылайша, жерлестеріміз топтық кезеңде екі ойында екі рет ұтылса, француздар алты ұпаймен турнир кестесінің көшін бастады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport