Қазақстанның жастар лигасында шу шықты. "Ястребы" командасының қорғаушысы Дмитрий Васильев "Алматының" шабуылшысы Станислав Филиппенконың мұрнын сындырған, деп хабарлайды Шайба.kz.
Оқиға командалар қыздырынып, шешінетін орынға бара жатқанда болған.
Куәгерлердің сөзінше, хоккейшілер сөзге келіп қалғанымен, қайтадан татуласқандай болған. Алайда Дмитрий Васильев кейін Станислав Филиппенконы ұрып жіберген.
Салдарынан "Алматы" клубының шабуылшысы матчке қатыса алмады, оған дәрігерлік көмек көрсетілді. Оның беті көгеріп, мұрны сынған.