Қазақстандық хоккей командасын қаржыландыру 58 миллионға қысқарды

Сурет: "Алматы" ХК

"Алматы" хоккей клубының келесі жылға бюджеті 58 миллион теңгеге қысқарды, - деп хабарлайды "Шайба.kz".

Бұл орта деңгейлі алты-жеті ойыншының бір жылдық еңбекақысы. Осыған байланысты команда селекциялық жоспарды қайта қарап, кей хоккейшілермен қоштасу керек болады. 

Айта кетейік, пандемияға байланысты Қазақстан чемпионатының барлық клубтарында бюджет қысқартылып жатыр. 

 

Метки: