"Алматы" хоккей клубының келесі жылға бюджеті 58 миллион теңгеге қысқарды, - деп хабарлайды "Шайба.kz".
Бұл орта деңгейлі алты-жеті ойыншының бір жылдық еңбекақысы. Осыған байланысты команда селекциялық жоспарды қайта қарап, кей хоккейшілермен қоштасу керек болады.
Айта кетейік, пандемияға байланысты Қазақстан чемпионатының барлық клубтарында бюджет қысқартылып жатыр.