auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Қазақстанда хоккей дамымаған. Онда команда не керек?". Ресейде "Барыстың" ҚХЛ-де керегіне күмәнданды

Бірнеше команда лигадан шығуы мүмкін.

"Қазақстанда хоккей дамымаған. Онда команда не керек?". Ресейде "Барыстың" ҚХЛ-де керегіне күмәнданды
© "Барыс" ХК
0
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өзгерістер болуы мүмкін. Лига басшысы Дмитрий Чернышенко еуропалық командаларды тарту арқылы турнир ауқымын кеңейткісі келеді. Алайда қатысушылар санын 25-тен 24 клубқа азайтады. Мұндай жағдайда кей клубтар қысқартылуы мүмкін. Әзірге мұндай қауіп "Северсталь" мен "Адмиралға" төніп тұр. 

Ресейлік "Спорт день за днем" порталы осы мәселені қозғай отырып астаналық "Барыс" қаншалықты керек деген мәселе көтерді.

"Не үшін керек. Шығыс конфедерациясында шетелдік клубтар саусақпен санарлық. Турасын айтқанда. Ал бәсекеге қабілеттілері мүлде жоқтың қасы - біреу. "Барыс" ұлттық құрама үшін команданы ойнатып дайындаумен айналысса да, тұрақты турнирде дивизионды ұтқан жалғыз шетелдік команда. Азияда мықты клубтар табу қиын. "Барыстың" селекциялық бөлімі де лигадағы үздіктердің бірі. Мұндай тұрақтылықпен ҚХЛ-ге үмітті ақтайтын солтүстік америкалықтарды алып келу - сирек.  

Неге керек емес. Қазақстан - хоккей дамыған ел емес. "Барыс" аренасы 12 мың адамға, ал тұрақты келетіні төрт-бес мың ғана. Оның үстіне бұл команданың жақсы ойнына, мықты легионерлер бары мен Қазақстанда Лига жұлдыздарының матчі өткеніне қарамастан солай болып тұр. Ойнын тамашаламайтын жерде команда ұстаудың қажеті қанша? Немесе бәскелестердегідей белгілі болмаса. "Барыс" - туған қаласында жанкүйер жинамайтын бренд", - деп жазады БАҚ.

Еске салайық, 20 желтоқсанда "Барыс" ярославтық "Локомотивпен" өз алаңында ойнайды. Матчтің басталуы жергілікті уақытпен 20:00-де. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар