Қақпашы Михаил Демидов өзінің ойыншы мансабын аяқтады және "Южный Урал" командасының бапкерлік құрамына кірді, Евгений Зиновьевке көмектесетін болады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, 35 жасар Екатеринбург хоккей мектебінің түлегі Қазақстанда 2014 жылдан бастап өнер көрсетті. Ол "Арлан", "Алматы", "Торпедо" және "Сарыарқа" сияқты командаларда ойнады. Көкшетаулық команданың сапында Михаил Қазақстан чемпионатының және Құрлықтық Кубоктың иегері атанды.