"Қазақстан намысын қорғау мәртебе". Қазақстан құрамасының ойыншысының жанкүйерлерге айтқаны

Сурет: ҚФХ, Ольга Бугаева©

Қазақстан құрамасының хоккейшісі Даррен Диц команда 2021 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өте алмағаннан кейінгі қолдаулар үшін жанкүйерлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz

"Қазақстан намысын қорғау мен үшін мәртебе болды. Мен біздің командамен мақтанамын. Қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлерге рахмет!", - деп жазыпты ол Instagram желісінде. 

Еске салайық, Юрий Михайлис жаттықтыратын команда Норвегиядан ұтылғаннан кейін (1:3) B тобында бесінші болып, ширек финалға шыға алмады.

Метки: