Қазақстан құрамасының шабуылшысы "Торпедомен" келісімшартты ұзартты

© "Барыс" ХК
Шабуылшы Евгений Рымарев "Торпедомен" келісімшартты тағы бір жылға ұзартты. Бұл туралы өскемендік клубтың ресми сайтында хабарланған.

Өткен маусымда 30 жастағы хоккеиші ЖХЛ тұрақты чемпионатында 55 матчте ойнап, 39 (15+24) ұпай жинаған.

Қазақстан құрамасы сапында ол 2019 жылы елімізде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанған (А тобы). Оның есебінде бес ойында үш ұпай (1+2).
Метки: